Шымкенттің соттары шығарған шешім тиісті деңгейде орындалмай отыр. Бұл туралы қалалық сот орындаушыларының дөңгелек үтелінде айтылды. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ақылбек Ертаев соттың шешімдері өз деңгейінде орындалмай жатқанын қадап айтты.
Сот шешімін орындамай, бой тасалап жүргендерге іздеу салынбай жататыны да айтылды осы жиында. Сот төрағасы Шымкент қаласы бойынша әр аудандардың көрсеткішін жіліктеп берді. Мәселен, Абай ауданы бойынша 200 азаматтың қарызы мемлекет пайдасына өндірілмей отыр. Ал Әл Фараби ауданында 230 соттың қаулысы әлі күнге орындалмай жатыр. Шымқаладағы үш ауданды салыстырмалы түрде алғанда Еңбекші ауданының көрсеткіші көңіл көншітеді дейді төраға. Мұнда бүгінгі таңға тек 52 іске қатысты ғана айыппұл өндірілмеген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XZ2xDJ_u8LI[/youtube]