Наурыз — Қазығұрттан басталған (фото)

Әз мерекені Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған киелі Қазығұрттың баурайындағы жұрт тойлап жіберді. Жылдағы дәстүрінінен жаңылмаған ел шат-шадыман күйге бөленіп, жаңа жылды бастап жіберді. Ұлы күнді ұтымды пайдаланған әкімшілік аудандағы құрметті азаматтар қатарын толықтыруды да ұмыт қалдырған жоқ.

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

 

Тіршілік — Қазғұрттан түлеген. Шаттық күніндегі сахналық қойылымнан тоқетер түйін осы. Мерекенің басты рәмізі — Наурыз көжеден де дәм татылды. Салт-дәстүр де ұмыт қалған жоқ. Аға буын төс қағысып, бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Ата салтты дәріптей бергені ұрпақ ұмытпасын дегені.

Болатбек Қыстауов, Қазығұрт ауданының әкімі: «Биылғы жылдың ерекшелігі — ол жастарымызды ұлттық-салт дәстүрге тәрбиелеу. Өзіміздің дінімізге патриоттық рухта бағыштау болып отыр. Сол себепті, Асқар Исабекұлының бастауымен «Ырыс алды — ынтымақ» біздің 13 ауыл округінде құрылған. Және де ай сайын бізде осы тақырыпта форумдар өтіп тұрады».

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Ұлы күнде ұлыстың ұлы ұлдарын ұлықтау да ұмыт қалмады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан 10 азамат енді Қазығұрт ауданының құрметтілері. Соның бірі 50 жылдық еңбегі ескерілген шопан Сәтбай Жаңабаев. Енді ол аудандағы құрметті делінген 162 азаматтың бірегейі.

Сәтбай Жаңабаев, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы: «Бұны күтпеген едік. Бұрынғы еткен еңбегімізді ескеріп осындай азаматтық берді ғой. Біз енді естен шығып кеттік пе деп едік. Жоқ, бұның бәрін ескеретін азаматтар бар екен. Сондықтан барлығына көп рахмет».

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт

Әз Наурыз — жаңа жыл. Жаңа күнде арқа-жарқа болған жұрттың көңілін таңсәріден түйіліп барып жазылған алабұлт та түсіре алған жоқ. Бала біткен алтыбақан теуіп жадырап жатса, басқасы қазақша күрестің көрігін қыздыруда. Жалпы, 100 мың астам халқы бар Қазығұртта бүгін мереке, ұлан-асыр той.

Қазығұрт

Қазығұрт

Қазығұрт