«Наурыз» жәрмеңкесіне келіңіз!

417

Алматы жәрмеңкесі — Шымкенттің төрінде. Ұлыстың ұлы күніне арналған жәрмеңкеге отандық өнімдермен қатар көрші Ресейден бастап Түркия, Италия, Бельгия, Франция, Үндістан елдерінің де тауарлары қойылған. Ең бастысы — бағасы қымбат емес. Өйткені сапалы тауарды өндірушілердің өздері ұсынуда.

зергерлік бұйымдар

vlcsnap-2014-03-18-18h38m41s180

Шымкенттегі «Әл Фараби» сауда кешенінің екінші қабатына жайғасқан жәрмеңкеден жаныңызға керектің бәрін табасыз. Бірінші қатарға жалғыз шымкенттіктер емес, қазақстандықтар сүйіп ішетін үнді шәйі жайғасқан. Исінің өзі жан сарайыңды жадырататын шәйдің жоғары сортын үнділіктердің өзі саудалап жатыр. Бұл қатардан тәбетіңді ашып, деніңе саулық сыйлайтын балды да кездестіруге болады. Қарт Алтай тауының байрайынан келген омарташылар емдік қасиетке ие әселін жеткізген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bunoiDSKx3A[/youtube]

Серік Можанов, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкері: «Біз Шымкентке бірінші рет келдік. Біздің өнім — сапалы. Балымыз — таза, таудыкі. Сосын ем-дом болатын шөптік дәрілерде бар. Денсаулыққа өте пайдалы. Бағасы да қымбат емес.»

француз әтірлері
 

жәрмеңке залы

«РосБелТрейд» компаниясының киімдері, Бельгияның көз тартар ыдыс-аяқтары, француздардың әтірлері, Түркияның төсек жаймалары көрменің көркін ашып тұр. Ал Италияның бренд аяқ-киімдері мен сөмкелері 50 пайыздық жеңілдетілген бағамен сатылуда.

Андрея Пачина, «I Toskani Italy» компаниясының өкілі: «Араға 10-15 жыл салып, Шымкентке қайта келдім. Қала көркейіп, дамыған. Зәулім ғимараттар бой көтерген. Бұл қаланың экономикалық тұрғыдан өскенін байқатады. Біздің бренд аяқ-киімдердің тұрақты тұтынушысы болуға әркімнің шамасы жетеді. Сондықтан жәрмеңкеге баршаңызды шақырамын. Өкінбейтіндеріңізге сенімдімін.»

Айтпақшы, халықаралық жәрмеңкеде алтын-күміс зергерлік бұйымдардың түр-түрі бар. Наурыз мерекесіне арнап өзбекстандық «nadi Sebkhan» сән үйі ұлттық нақышта қолдан кестеленіп тігілген соңғы үлгідегі киімдерін ұсынуда. Отандық, яғни, Алматының ХБК өндіріс орнының өнімдері де саудаға қойылған.

Максим Ларионов, «Наурыз» жәрмеңкесін ұйымдастырушы: «Алматы жәрмеңкесіндегі тауарлар арзан бағамен сатылып жатыр. Себебі тұтынушыға тікелей өндірушінің өзі ұсынып отыр. Наурыз мерекесі қарсаңында әдейілеп ұйымдастырып, Шымкент тұрғындарына тосынсый жасағанды жөн көрдік.»

Наурыз айының 14-нен басталған жәрмеңке, 25-не дейін жалғасады. Ендеше, жақындарыңызға сапалы әрі арзан сый жасағыңыз келсе, «Әл Фараби» сауда кешенінің екінші ғимаратында, екінші қабатта өтіп жатқан халықаралық «Наурыз» сауда-көрмесіне келіңіз.