Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тиісті сала басшыларымен Шымкент қаласындағы Қошқар ата, Бадам өзендері жағалауларындағы абаттандыру жұмыстарының орындалу барысымен танысты.
Құрылысы жүріп жатқан нысандардың басында Асқар Исабекұлы сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, құрылыстың сапасын қатаң қадағалауды жүктеді.
Бадам өзені бойын көріктендіру жұмыстарына жауапты мердігер мекеменің басшылығына құрылыстың бірінші кезеңін наурыздың аяғына дейін аяқтауды міндеттелді. Бұл демалыс аймақтары еліміздегі үшінші қала мәртебесіне талпынып отырған Шымкенттің жаңа келбетін қалыптастырмақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hApnIPav0j4[/youtube]