«Ордабасы» Қызылордадан көңілсіз қайтты

«Қайсар» (Қызылорда) 1:0 «Ордабасы» (Шымкент)

2011 жылғы Қазақстан Кубогын, 2012 жылғы Қазақстан Суперкубогын иемденген «Ордабасы» футболшылары өткен жылғы ел біріншілігінде бесінші орыннан көрінген еді. Оңтүстіктің намысын қорғайтын футболшылар үш ай бойы жаттығу жұмыстарын жасап, Түркия елінде бірнеше кездесу өткізіп, тәжірибе жинақтап қайтқаны белгілі. Сол тәжірибенің жемісін көретін шақ тым жақын қалғанда команда алғашқы ойында бас бапкерсіз қалды. Виктор Пасульконың орнына жауапкершілік Қуаныш Қарақұловқа жүктелді. Талай жанкүйердің үмітін арқалап, сеніміне кірген бас бапкердің маусымашар ойында болмауы аздап еңсені түсіргені рас.

"Ордабасы" футбол командасы. 2014 жыл.  Суреттер «Ордабасы» футбол клубының ақпарат орталығынан алынды
«Ордабасы» футбол командасы. 2014 жыл. Суреттер «Ордабасы» футбол клубының ақпарат орталығынан алынды

15 наурыз күні Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдады. В.Пасульконың бас бапкерліктен уақытша ғана шеттетілгенін медеу тұтқан жерлестеріміз ойын алаңына жасқанбай шыққан. Ойынның 20-шы минутына дейін «Ордабасы» алаң иелеріне тыным бермей, шабуыл жасаумен болды. Бірақ, кездесудің 23-ші минутында бас төреші Александр Алиевтің «ойын ережесі бұзылды» деп, 11-метрлік айып добын белгілегені біздің жерлестерімізге соққы болып тиді. «Ордабасылық» Павел Черны мен Абдула Диакетенің аяғына шалынып құлап қалған «қайсарлық» Алдан Балтаев команда сапындағы молдавиялық легионер Душан Савичке жақсы мүмкіндік туғызды. Есеп 1:0.

Жаңа маусымға жақсы дайындалған шымкенттіктер керемет ойын өрнегін көрсетті. Қос қапталдан жиі шабуылдап, «қайсарлық» жанкүйерлерді біраз састырды да. Маусымды сәтсіздікпен арпалысып жүріп бастаған «ордабасылықтар» ойын барысында екі бірдей 11-метрлік айып добын байқамаған төрешіге аздап кінә артқан. Есепті теңестіруге ұмтылған «Ордабасы» ойыншылары Прядкин қорғаған қақпаны жиі нысанаға алды. Сондай бір шабуыл кезінде кызылордалықтардың айып алаңының сызығында ойын ережесі бұзылды. Эдин Юнузовичтің 17 метрден керемет орындаған стандартты соққысын қорғанда тұрған ойыншының бірі қолмен кері қайтарды. Осы жерде тағы да ойын ережесі өрескел бұзылғанымен төрешінің ысқырығы үнсіз қалды.

Мұнан соң команда капитаны Қайрат Әшірбековтің соққысы қақпа маңдайшасынан сәл ғана қиыс кетсе, Азат Нұрғалиевтың жойқын соққысы да бір сантиметрдей биік кетіп шымкенттік жанкүйерлерді сан соқтырды. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Павел Черны қақпашымен бетпе-бет шықты. Алдап өткен Черныды қақпашы қолмен ұстап тоқтатты. Осы тұста төрешінің әділеттілігі үмітті тағы да ақтамады. Дегенмен, екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері көп болды. Ойын тартысты болғандықтан футболды көруге жиналған жұрт жалықпады. 90 минут бойы спортшылар да тың әрі сергек жүрді. «Ордабасы» сапында Эдин Юнузовичтің шірене тепкен добын Кирилл Прядкин қайтарса, «Қайсар» сапындағы Антон Землянухин, Римо Хунт сынды ойыншылардың соққыларына А. Григоренко тойтарыс берді. Бұл кездесуде гол соғу бақыты жергілікті командаға бұйырды.

Маусымашар ойынды «Қайсар» командасы сәтті әрі жеңісті бастады. Ал «Ордабасы» командасына қолдау жасап барған жанкүйер мен бас бапкердің міндетін атқарушы Қуаныш Қарақұлов баспасөз мәслихатында төрешінің жергілікті ойыншылар бұзған ережеге көз жұма қарағанын атап өтті. Әйтсе де, «ойын ережесі бұзылды» деп арызданғаннан келесі ойынға қызу дайындықты бастағанды жөн көрді. «Ордабасы» командасының келесі турда, яғни Ұлыстың ұлы күні 22-наурызда «Астана» футбол клубын өз алаңында қабылдайды. «Астана» футболшылары «Жетісу» командасымен өткен кездесуде ойынды 0:0 есебімен аяқтады. Жерлестеріміз «өз үйінде» жанкүйерлеріне өте тартысты ойын көрсетеді деген үміттеміз.

«Ордабасы» командасында өнер көрсететін спортшылар құрамы

Қақпашы:

12-13-0151. Александр Григоренко. 1985

12-13-01527. Андрей Цветков. 1980

12-13-01532. Самат Отарбаев. 1990

Қорғаушылар:

12-13-0154.  Мұхтар Мұхтаров. 1986

12-13-0155.  Гафуржан Суюмбаев. 1990

12-13-01214.  Эндрю Мвесигва. 1984

12-13-01521.  Еркебұлан Тұңғышбаев. 1995

12-13-01344.  Младен Лазаревич. 1984

12-13-01555.  Фархадбек Ирисметов. 1981

12-13-01577.  Талғат Адырбеков. 1989

Жартылай қорғаушылар:

12-13-0156.  Пірәлі Әлиев. 1984

12-13-0157.  Азат Нұрғалиев. 1986

12-13-0158.  Бекзат Бейсенов. 1987

12-13-01510.  Кайрат Әшірбеков. 1982

12-13-01112.  Артём Касьянов. 1983

12-13-01517.  Мардан Төлебек. 1990

12-13-01520.  Евгений Лёвин. 1992

12-13-01425.  Абдула Диакате. 1988

12-13-01533. Қазбек Гетериев. 1985

Шабуылшылар:

12-13-01518.  Дәуренбек Тажімбетов. 1985

12-13-01028.  Эдин Юнузович. 1986

12-13-01539.  Максим Фильчаков. 1993

12-13-00989. Павел Черны. 1985

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Қуаныш Қарақұлов

Қақпашы бапкері: Виталий Галат

Физикалық дайындық бапкері: Шайзидин Кенжебаев

Бапкер: Августин Кирица

«Қайсар» (Қызылорда) 1:0 «Ордабасы» (Шымкент)
«Қайсар» (Қызылорда) 1:0 «Ордабасы» (Шымкент)

Футбол басталды!

ҚР футболдан ХХІІІ чемпионаты 9-наурыз күні ел Суперкубогын сарапқа салумен басталған. 15 наурызда Премьер-лиганың І тур ойындары аяқталды. Нәтиже төмендегідей:

12-13-016

Ел біріншілігінің алғашқы кезеңі 3 тамызда аяқталып, 23-тамызда екінші кезеңі басталады. Чемпионат 2014 жылдың 22 қараша күні әдеттегідей Қазақстан Кубогы жолындағы кездесуде қорытындыланады.

Келесі тур ойындары 22 наурыз, сенбі күні мына командалар арасында өтеді:

«Қайсар» – «Тараз»

«Ордабасы» – «Астана»

«Атырау» – «Тобыл»

«Жетісу» – «Қайрат»

«Спартак» – «Ертіс»

«Шахтер» – «Ақтөбе»

Ал III тур 29 наурыз (сенбі) күні өтеді.

«Ақтөбе» – «Спартак»

«Ертіс» – «Атырау»

«Тобыл» – «Жетісу»

«Қайрат» – «Ордабасы»

«Астана» – «Қайсар»

«Тараз» – «Шахтер»

Виктор Пасулько
Виктор Пасулько

Бас бапкер қайда кетті?

Теңгенің құнсыздануының салқыны «Ордабасы» футбол клубының жұмыстарына да кесірін тигізбей қоймады.

Білуімізше, команданың бас бапкері украиналық азамат Виктор Пасулько ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты келісілген ақыны АҚШ долларымен төлеуді талап еткен көрінеді. Ал «Ордабасы» футбол клубын қаржыландыратын облыс әкімдігінің бас бапкердің талабын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар ма? Көптің көкейінде жүрген бұл мәселеге байланысты «Ордабасы» футбол клубының президенті Берік Омарбековке хабарласып, «В.Пасульконың бас бапкерліктен шеттетілуіне не себеп? Оның қызметіне қайтып келуі мүмкін бе?» деп сұрадық. Б.Серікұлы «сол мәселе бойынша облыс әкімдігімен ақылдасамыз, соңғы шешімді сол жақтан күтеміз» дегеннен басқа ештеңе айтпады.

Биыл жүлделі орындардан көрінуді көздеген команданың алған бетінен таймай, мақсатқа жетуі жолында бәлкім, «өткелде ат ауыстырмаған» да жөн шығар деген ойдамыз.

Ақмарал Молдиярқызы