«Жемқорлыққа жол жоқ.» Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мамандары осындай тақырыпта жоғарғы оқу орнының студенттерімен кездесті. Арнайы жиында университет қабырғасында жемқорлыққа жол берілмеуі кеңінен талқыға түсті. Мамандар студенттер осындай оқиғаға куә болған жағдайда аталған мекемеге тез арада хабарласуын өтінді.
Өзара сұрақ-жауапқа ұласқан шарада студенттер жемқорлық жасағандарға тағайындалған жаза жайын сұрауды айналып өтпеді. Айта кетейік, облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшылығы соңғы бірнеше жыл ішінде жоғарғы оқу орындарына қатысты пара алу қылмысы тіркелмеген деп отыр.
Әнел Мәтиева, ОҚО ЭСЖҚД аға инспекторы: «Бұл іс-шара алдағы күндері мектептерде, өзге де жоғарғы оқу орындарында жалғасын табады. Облыстық білім басқармасы мен денсаулық басқармасында да осындай шара өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл кездесу жыл бойына күн тәртібінен түспейді.»