Студенттерге арналып, 500 орындық жатақхана салынбақ

365
көне ғимарат бұзылуда

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Ғани Іляев пен Ахмет Байтұрсынов көшелері қиылысындағы ғимараты толық бұзылады. Өткен ғасырдың 50 жылдары іргетасы қаланған оқу ордасында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысандағы терезелер мен есіктер алынып, енді кірпіштері бұзылуда. Жоғары оқу орнының бүгінгі басшылығы көне ғимаратты сақтап қалуға қолынан келген барлық аламдарды жасады.

 көне ғимарат бұзылуда

Жанпейіс Қобланов, ОҚМПИ әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі  проректоры, профессор: «Сақтамақ болып едік, алайда, сараптаманың қорытындысы бойынша жарамсыз, пайдалануға болмайды деген шешім шығарылды. Оның орнына көп қабатты 500 орындық студенттер жатақханасы салынады деп жоспарлануда. Қаржы да бөлінді — 1 миллиард 200 миллион теңге. Бір корпусымыздың бұзылуы оқу процесіне еш кедергі тигізбеді. Өйткені, бізде аудиториялар жеткілікті. Студенттер сабақтарын кестеге сәйкес оқып жүр.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=t3WTUiFXrAY[/youtube]

Бұзылған ғимараттың орнында бой көтеретін  зәулім 12 қабатты ғимарат  қаланың көркін ашады. Және де студенттердің жатақханадан орын алуында еш қиындық туындамауы тиіс дейді проректор.