Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс көбейді

573
Халыққа қызмет көрсету орталығында адам көп

Бірқатар елдімекендердің Шымкент қаласының аумағына өтуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы көбейді. Азаматтарға қызмет көрсету аясы кеңейген орталық басшылығы жұмысты оңтайландыру мақсатында төлем қабылдау мәселесі бойынша «Қазпошта» АҚ ОҚО филиалымен меморандумға қол қойған.

Халыққа қызмет көрсету орталығында адам көп
Халыққа қызмет көрсету орталығында адам көп

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында халықтың қарасы қалың. Құжаттарын рәсімдеуге келгендер төлемдерін осында төлеуде. Солардың бірі — түбіртек бойынша төлем жасамақ болған шымкенттік Надежда Шкодаревич касса іздеп әлекке түсті.

Надежда Шкодаревич, қала тұрғыны: «Мекенжайға тіркелу үшін түбіртек бойынша мемлекеттік баж салығын төлеу керек екен. Бірінші залда касса істемей тұр. Ал мына жерде кассир жоқ. Іздеп жүрмін.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CjWtmrsPaiE[/youtube]

Көп ұзамай кассир келіп, төлемдерді қабылдай бастады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының мәлімдеуінше, Абай ауданына қарасты үш залда үш касса жұмыс істеуі тиіс екен.

халыққа қызмет көрсету орталығында бір касса жұмыс істемей тұр
Халыққа қызмет көрсету орталығында бір касса жұмыс істемей тұр

Есенғали Бөлебай, Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 қалалық бөлімнің басшысы: «Өздеріңіз көріп тұрсыздар, бір касса жұмыс істемеуде. Ол жөнінде «Қазпошта» басшылығына айтқан болатынбыз. Алайда олар штаттық кесте бойынша еңбек демалысына кеткен  қызметкердің орнына басқа адамды жіберуге мүмкіндігіміз жоқ деп жауап берді. Олар меморандум бойынша үш залда үш кассаның жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Алайда іс жүзінде бір касса істемей тұрғандықтан, адамдар кезекте тұрып, уақыттарын өткізуде. Қазір Шымкентке өзге аудандар қосылып, жұмыс көбейді.»

Төлемдерді қабылдау бойынша түзілген келісім-шарттағы пошташылардың міндеттері бойынша «Қазпошта» АҚ ОҚОФ басшысының орынбасары Айша Байекеева ресми түрде сұхбат беруден бас тартты.

Айша Байекеева: «Жер, көлік салықтары бойынша үстеме алынбайды. Қалған құжаттарды рәсімдеу бойынша қызмет үшін ақы алынады.»

Халыққа қызмет көрсеті орталығының мамандары көрші аудандардан қалаға өткен елдімекен тұрғындарының басым бөлігі құжаттарын рәсімдеуге енді кіріседі деп болжап отыр. Сондықтан пошташылар меморандумдағы талаптарды түгел орындаса, төлемдерді шұғыл қабылдау бойынша қызмет көрсету сапасы да соғұрлым артады дейді.