Жеті жасар қыз дәретханаға құлап қалды (видео)

249

Шымкентте келеңсіз жағдай орын алды. Жекеменшік үйлердің бірінде дәретханаға жас бала құлап кеткен. Ол, қалай екені белгісіз, әжетхананың тесегінен төмен құлап кеткен. Ата-анасы алдымен қызды тесіктен өз беттерімен шығармақ болғанымен, одан нәтиже болмайды. Содан кейін құтқарушыларға хабар береді.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты апатты-құтқару жасағының мамандары шұғыл аттанады. Олар келе сала арнайы құралың көмегімен қызды тесіктен шығарып алды. Құдай сақтағанда бүлдіршін жарақат алмапты. Дегенмен, қатты қорқып қалған. Абырой болғанда бұл әжетхана жақында ғана қазылған екен. Шұңқыры таяз болған. Әйтпегенде бұл оқиғаның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Апатты-құтқару жасағының өкілі Павеш Вишениннің айтуынша, мұндай келеңсіз жағдай былтыр күзде де орын алыпты. Сол уақытта Қайтпас шағынауданында 6 жасар бала әжетханаға құлап кеткен. Құдай сақтағанда ол да аман қалды. Сондықтан құтқарушылар ата-аналардан өз балаларына аса сақ болуды сұранады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EU_fO5spgr0[/youtube]