Жаңалықтар 

Жастар жалқау ма, әлде жұмыс жоқ па?

«Ауыл жастары», «Дип-ломмен – ауылға!», «Жас-тар кадрлық резерві», «Жастар – Отанға» және «Жастар тәжірибесі» «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, т.б. Бұл бағдарламалардың барлығы да жастардың тұрмысын түзеу үшін қолға алынып отыр
«Ауыл жастары», «Дип-ломмен – ауылға!», «Жас-тар кадрлық резерві», «Жастар – Отанға» және «Жастар тәжірибесі» «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, т.б. Бұл бағдарламалардың барлығы да жастардың тұрмысын түзеу үшін қолға алынып отыр

Бейресми деректерге қарағанда, еліміздегі жұмыссыз жүргендердің жартысына жуығын жас қыз-жігіттер құрайды екен. Халықаралық еңбек ұйымы жуырда әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең басты мақсат» деп қарастыруға шақырды. Еліміз бұл ретте қаннен қаперсіз отыр деп айта алмаймыз. Себебі, жастарды жұмыспен қамту үшін біз бағдарламаның түр-түрін қабылдап тастадық. Бү­гінде жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар 76 жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірнешеуін санамалап көрсек… «Ауыл жастары», «Дип-ломмен – ауылға!», «Жас-тар кадрлық резерві», «Жастар – Отанға» және «Жастар тәжірибесі» «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, т.б. Бұл бағдарламалардың барлығы да жастардың тұрмысын түзеу үшін қолға алынып отыр. Алайда, бұл жобалар қаншалықты жемісті? 

016-015

Былтырғы жылы бір емес, бірнеше дүркін «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын бұра тартқандардың әрекеті әшкереленді. Бұл былықты Шымкенттегі әл-Фараби аудандық прокуратурасы анықтап берген болатын. Мәселен, қаладағы № 64 мектеп-гимназиясына 2012 жылы «Жастар тәжірбиесінен» өткен 49 тұлғаның екеуі жалған боп шыққан. Яғни, олардың бұл білім ошағында жұмыс істемегендері және ешқандай еңбек жалақысын алмағаны анықталған. Салдарынан мемлекет қоржынынан 303 901 теңге жымқырылды. «Жас-тар тәжірибесіне» жолдама алу үшін жалған құжаттар өткізген пысықайлар тіпті дипломдарды да қолдан жасағаны анықталды.

Нәтижесінде жұмыс іздеп келген 11153 жұмыссыздың 2663-і немесе 23,8 пайызы жұмыспен қамтылды, оның 1248 -і жас маман, яғни 46,8%-ды құрады
Нәтижесінде жұмыс іздеп келген 11153 жұмыссыздың 2663-і немесе 23,8 пайызы жұмыспен қамтылды, оның 1248 -і жас маман, яғни 46,8%-ды құрады

Бұл жұмыссыздықты жоюға бағыталған бағдарламаларды іске асыруды белгілі бір деңгейде тежеген бірден-бір мысал. Жалпы, республика бойынша бұл мақсатқа қаралған қаражаттың қомақтысы біздің облыстың еншісіне тиесілі. Мәселен, былтырғы жылы республикалық қазынадан осы мақсатқа 46,5 миллиард теңге бөлінсе, оның 40%-ы біздің облыстың бюджетіне келіп түскен. Сала мамандары бағдарламаны іске асыруға кедергі келтірген мұндай оқиғаларға қарамастан өңірдегі жұмыссыздық мәселесінің күрмеуі шешіліп келе жатқанына сендіреді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдарына 35,1 мың жас жұмыс іздеп келген. Оның ішінде жартысынан астамы (53,2 пайызы) – ауылдық өрендер. Сала мамандары осы жастардың 32,8 мыңы жұмысқа орналастырылды дейді. Бұл «екі қолға бір күрек» іздегендердің 93,3 пайызы. Оның ішінде ауылдық жерден келген жастардың үлес салмағы басым. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жастар практикасына былтыр 5000-нан аса жас маман жұмыспен қамтылған. Оған республикалық бюджеттен 917,2 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Облыс бойынша 1651 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 7242 оқу бітіруші түлек жас маман жіберіліпті. Жұмыс мерзімінің аяқталғанынан кейін тұрақты жұмыс орнына орналасқан 4960 адам қамтылған. Аталған бағдарлама бойынша биыл кәсіби оқуға 1658 жас азамат жолданған. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 2953 нысаналы топтағы жас азамат жолданған. Ал, 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдарына жұмыс іздеп келген 18 мың адамның 8,6 мыңы немесе 48 пайызы – жастар. Осы жастардың 5,9 мыңы немесе 68,4 пайызы жұмысқа орналас-тырылыпты. Сонымен қатар, жастар қатарынан 26 пилоттық жоба негізінде 493 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Ақмарал ҚЫПШАҚБАЕВА, ОҚО Жастар саясаты басқармасының бас маманы: 

– Жастарды жұмыспен қамту – біз назар аударатын басты мәселелердің бірі. Осы мақсаттағы мемлекеттік бағдарламалар, жәрмеңкелер де оң нәтижесін беріп жатыр деген ойдамын. Мәселен, былтырғы жылы «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша 29 жәрмеңке өткізілді. Нәтижесінде жұмыс іздеп келген 11153 жұмыссыздың 2663-і немесе 23,8 пайызы жұмыспен қамтылды, оның 1248 -і жас маман, яғни 46,8%-ды құрады.

Түйін: 

Жұмыссыздық еңбек нарығының жіті зерттелмеуінен орын алады. Өкінішке орай, біз мамандық таңдауда тек өз қалауымызды, ата-ананың бағыттауын ғана ескереміз. Ал нарықтағы сұранысты ой елегінен өткізіп алуды ұмыт қалдырамыз. Қайткенде де, жастар қашан да мықты ресурс. Заманауи мүмкіндіктерді оңтайлы пайдаланып, озық біліммен қаруланып келе жатқан қыз-жігіттерге тек сенім арта білу керек.

Мақпал РЫСБАЕВА

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Жастар жалқау ма, әлде жұмыс жоқ па?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Жұмыс істеймін деген адамға өте көп егер ынтасы болса. Бірақ біз өзіміз бітірген оқуымыз бойынша жұмыс істегіміз келеді.Ал ол жұмысқа кіру үшін 1-ші таныс, 2-ші қаражат керек. “Көкелері” барлар “көке” басқалар ше?

wpDiscuz