Жеті елдің 120 былғары қолғап шебері Шымкент қаласы әкімінің кубогін сарапқа салуда. Халықаралық турнир осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 17-18 жасар боксшылар сынға түсуде. Жуырда ғана бұл спортшылар әлемдік аренада тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Шымкенттегі турнир де олардың шеберлігін шыңдай түсері сөзсіз. Дода мамыр айының 22-іне дейін жалғасады. Кездесулер жеңіл атлетика манежінде өтуде.