5-мамыр — халықаралық акушер-гинекологтар күні

1043
ОҚО-да күніне 200-ден астам нәресте туылады

Бүгін, 5-мамыр — халықаралық акушер-гинеколог дәрігерлердің күні. Ана мен бала денсаулығын қадағалап, әйел адамның саулығын арттыруда атқаратын еңбегі зор мамандық иелері үшін бұл күннің айтарлықтай маңызы бар. Жүктілікті жоспарлау, әйелдің босанғанға дейінгі ахуалы мен күтімі дәл осы абзал жандардың жауапкершілігіндегі шаруа.

 

ОҚО-да күніне 200-ден астам нәресте туылады
ОҚО-да күніне 200-ден астам нәресте туылады

Қолжетімді медицина бағдарламасынының аясында босану жасындағы әйелдердің барлығы дерлік акушер-гинекологтардың бақылауына алынып, тегін кеңестер беріліп келеді. Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында 715 жоғары білікті акушер-гинеколог дәрігер бар. Дәл осы мамандардың көмегімен күнгейде күн сайын 200-ге жуық шарана дүниеге келеді. Сондай-ақ, медициналық білім беретін оқу орындарындағы студенттердің басым бөлігі дәл осы мамандықты таңдап, аушерлікке ден қояды.

Айгүл Сапарғалиева, облыстың бас акушер-гинекологы: «Мен бұл мамандықты мектепте оқып жүргенімнен бастап армандадым. Сондықтан ешқашан акушер-гинеколог болғаныма өкінген емеспін. Бірақ, біздің қызмет қателікті кешірмейді. Себебі біз бір емес, 2 адамның өміріне жауапты боламыз. 19 жылдық тәжірибем бар. Алдағы күндері озық технлогияны пайдалана отырып, әйел мен бала денсаулығы үшін күресуді жалғастырамыз.»