Татулықты ту еткен осынау күнді асарлықтар да атап өтті. Көршілес өзбек елінен атажұртқа қоныс аударған қандастарымызда бүгін қос бірдей мереке.

Асар шағынауданы

Оның біріншісі – ынтымақтастық тойы болса, екіншісі Асар шағынауданында үй салу үшін алғашқы қазық қағылған күн. Яғни, «Асар күні». Нұрлы көштің бастауын алғанына бүгін 6 жыл толып отыр.

Татулық тойын асарлықтар биыл 3-ші рет мерекелеп жатыр. Жалпы, әр мейрам сайын бас қосып, ортақ ынтымақтастықты арттыруды көздеген ондағы халайық көршілес ала тақиялы елдегі дос-жұрағаттарымен де тату-тәтті. Аралас-құралас.

Асар шағынауданы

Асар шағынауданында бұл күндері бірлігі бекем 15 мыңнан астам қандас өмір сүреді. Болашақта ондағы жұрттың қатары тағы да 4 мың адамға қалыңдайды деген жоспар бар. Ал олардың жағдайы үшін барлық әлеуметтік нысан бой көтерген.

Бастысы, атажұртым деп келген ағайынның көңілі тоқ, көйлегі көк. Болашақтан зор үмітті. Асарлықтардың ұраны – төртеу түгел болса, төбедегі келедіге саяды.