Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі өтті

194
Жәрмеңкеге жас мамандар және ЖОО биылғы бітіруші түлектері қатысты

Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жүздеген студент өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке аясында жастолқын таңдау жасап, болашақ жұмыс орнымен танысуды бастап кетті.

Мақпал Серікжанова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті: «Қазір мен университтетте шет тілі мамандығын меңгеріп жүрмін. Биыл диплом алатын жыл болғандықтан, көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Ағылшын тілі курстарын қоспағанда түрлі жекеменшік кәсіпорындар аудармашы ретінде шақырып жатыр. Ең бастысы, мұнда ешқандай таныс-білістік жоқ, өз білімім арқылы жәрмеңкеде қайда қызметке баратынымды анықтайтын боламын.»

Жәрмеңкеге жас мамандар және ЖОО биылғы бітіруші түлектері қатысты
Жәрмеңкеге жас мамандар және биылғы бітіруші түлектер қатысты

Жәрмеңкеде жұмыс орнын Оңтүстіктің 170 кәсіпорны ұсынып отыр. Арасында ірі зауыттар да бар. Кентау трансформатор зауыты және «Петро Қазақстан» компаниясы да жаңа жас мамандары жұмысқа шақырып, насихаттау шарасын жүргізуге кіріскен.

Жыл сайын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің бітіруші студенттерінің жартысы оқу аяқталған жылы-ақ қызметке орналасып үлегереді екен. Себебі студенттер қала ішінде ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге белсене қатысады. Айтулы шара маманның білімін ғана таразыламайды, бұған қоса еңбеккер ретінде қызметке орнласуына жол ашады.

Жәрмеңкеге келушілер көп болды

Дархан Сабырханұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры: «Алдағы күндері бұдан да басқа бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Сондықтан студенттерге айтарым — қатысыңыздар! Біздің университеттің түлектері әр жылы осындай шаралар арқылы жалақысы ойдағыдай, әлеуметтік қамтамасыз ететін және қосымша жеңілдіктері бар жұмыстарға орналасып жатады. Өзара келісім-шарт жасасып, мамандықтары бойынша қызметке тұруда.»

Ұйымдастыуршылардың айтуынша, сұраныс, көбінесе, техникалық мамандықтарға басым. Жәрмеңкеде гуманитарлық сала мамандарына да сұраныс байқалды. Айта кетейік, шара барысында «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы арқылы ауыл-аймаққа барып, қызмет етуге тілек білдіргендер де көп болды.