Жеңіл атлетика манежінде 3 күн бойы ОҚО ІІД-нің қызметкерлері арасында қоян-қолтық күрестен жарыс өтті. Дәстүрлі шараға 200-ден аса тәртіп сақшысынан жасақталған 24 команда қатысты. Олар өзара 9 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады. Жеңімпаздар жекелей және командалық есепте марапаталды. Депортамент басшылығы бұл турнир 17-маусымда Ақтау қаласында өтетін республикалық додаға іріктеу екенін айтады.