Тыйымға қарамастан түлектер көлікпен шеруге шықты

309
Мектеп түлектері автокөлікпен шеруге шықты

25-мамыр күні Шымкенттегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, білім ошақтары бітіруші түлектерін шығарып салды. Алдын ала білім бөлімінің мамандары мен полиция қызметкерлері салған тыйымға қарамастан, мектеп бітірушілер әдеттегідей көшеге көліктерімен шеруге шықты.

Мектеп түлектері автокөлікпен шеруге шықты

Соңғы қоңырауда көлікпен серуендеуге салынған тыйымға қарамастан, мектеп бітірушілер көлік шеруіне қатты дайындалыпты. Алайда, темір тұлпар жалдаған түлектер алысқа бара алмады. 25-мамыр күні таңғы уақыттан бастап әр мектепте кезекшілік еткен арнайы жасақ шеруге шықпақ болған жастардың тақымындағы көлікті айып тұрағына алып кетіп жатты.

Тәртіп сақшылары қуанышы қойны түгілі көлікке сыймай, терезесінен белуардан шығып алып, айғайлап жүрген мектеп бітірүшілерді тәртіпке шақырумен болды.

айыптұраққа 69 көлік жабылған
Ақылы айып тұрағына 56 көлік қойылды

Әбдіғани Сейдуалиев, жол-патрульдік полициясы полкінің командирі: «Жол-патрульдік полицясы полкінен 50 автокөлік, 200 қызметкер бөлініп, жұмыс атқарды. Айып тұрағына жүргізушілер тәртіп бұзған 56 автокөлік жабылды. Оның ішінде 8 адам автокөлікті масаң күйде басқарған.»

Тіпті, соңғы қоңырауға түлектердің кейбірі темір тұлпарына арнайы дауыс шығаратын құрал орнатып, дайындалып келіпті. Полиция күшейтілген тәртіппен жұмыс атқарғанымен, кейде әр түлектің соңынан жүруге мүмкіндігі болмай да қалды.