2014 жылдың 22-мамыры күні «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ, банк, сақтандыру холдинг, қаржы ұйымдарының қызметкерлерін басқару лауазымына кандидаттардың сәйкестігін анықтау мәселелері бойынша ҚР Ұлттық Банкі Комиссиясының шешімімен Яковлев Дмитрий Евгеньевич Басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі лауазымына келісім берді.
ВТБ тобында Дмитрий Яковлев 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылдың ақпанына дейін Вице-президент, ВТБ24 Банктің ВТБ тобының Стратегия және бөлшек сауда бизнесін дамыту департаментінің Халықаралық бизнес басқармасы Бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Сергей Гусаров, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы: «Дмитрий Яковлев бірінші шақырылған ресей маманы болып табылады. Жұмыста жинаған табысты тәжірибесі бөлшек сауда бағытты дамыту бөлігінде Банктің белсенді жұмысын жалғастырады. Командалық жұмыста бұдан әрі Банк ВТБ (Қазақстан) дамытуға және өсіруге жағдай жасайтын, және ең бастысы қадірлейтін клиенттердің сенімділігін сақтауға алдыға қойылған міндеттерге қол жеткіземіз деп сенеміз».
Жаңа лауазымда Дмитрий Яковлев бұдан әрі стратегиялық міндеттерді орындау – бөлшек сауда банк қызметінің нарығында Банк үлесін көбейту, филиал желілер жұмысының тиімділігін кеңейту және жақсарту, жаңа өнім мен қызметтерді дайындап, енгізу, клиенттерге қызмет көрсету кезінде қашықтықтағы арналарды дамыту үшін бақылауды жүзеге асыруға Банктің бөлшек сауда бизнесінің блогын басқарады.
Дмитрий Яковлев, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының орынбасары: «2014-2017 жж. болжамды бөлшек сауда бизнесін дамытатын стратегияны қолдана отырып, Қазақстанның банк нарығында өз ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалардың кредиттеріне, яғни POS-кредиттеуді белсенді дамытуға ерекше назар аударылады».
Бұдан бұрын, 2014 жылы 19 ақпанда Дмитрий Яковлев Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының бөлшек сауда бизнесінің мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғаны белгілі. Яковлев Д.Е. Мәскеу қаласында М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін бітірді. Ағылшын және француз тілдерін біледі. Банк мансабын 2002 жылдан бері «Банк Русский Стандарт» ЖАҚ бастады.