Бозбаланы атып өлтіргендердің соты басталды

238

Бүгін Шымкентте адам өлтірді деп айыпталған 5 бірдей жасөспірімге қатысты сот отырысы басталды. Облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотта жәбірленушілер, куәгерлер мен айыпталушы тараптың өкілдері шақырылды.

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қаңтар айында қаламыздағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында «Тойота карина» автокөлігін тізгіндеген студенттер сырттағы топ боп тұрған құрдастарына оқ атқан. Соның салдарынан оқ тиген бозбаланың бірі оқиға орнында көз жұмып, екіншісі жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Араға бір сағат салып, полицейлер күдіктінің автокөлігін қаламыздағы шағынаудандардың бірінен тапқан еді. Көліктен атылған оқтың гильзасы табылған. Осы оқиғамен бес ай бойы айналысқан тергеушілер қылмыстық істі жуырда сотқа өткізген. Істі қарауда төрағалық етуші судьяның өзі және сотталушылар отырыс барысын бейнекамераға түсіруге қарсылық танытты. Осылайша БАҚ өкілдері сот залына кіргізілген жоқ.