Оңтүстікте Сирияға кетпек болған жеткіншек сотталды

252
Айыпталушы әке

Оңтүстікте халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жасөспірімдердің әрекеті әшкере болды. Олар «ВКонтакте» желісі арқылы ДАИШ халықаралық террористік тобына қосылу амалдарын талқылап, ұйым өкілдерімен байланысып отырған. Ең сорақысы, 16 жасар жасөспірім мен әкесі жасырын жолдар арқылы Сириядағы соғысқа атанбақшы болыпты. Алайда олардың бұл ісі әшкере болып, алты жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы: «Кәмелет жасына толмаған жасөспірім 2016 жылы соттың үкімімен қылмысты кодекстің 256-257-баптарымен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынаң айыру жазасы тағайындалды. Айыпталушыға жазаны жалпы тәртіптегі тәрбиелеу калониясында отеу тағайындалды. Ол азамат джихат жасаймын деп, ғаламторда әріптестеріне, достарына таратқан. Оның әкесі де сотталған. Терроризмді насихаттауда ағайындары Сирияға кеткені аңықталып жатыр.»

Айта өтейік, ОҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта былтыр бұдан өзге 173 қылмысты іс тіркелген. Оның 92-сі бойынша үкім қабылданған. Ал қалған 70 іс қысқартылған.