Партия қатарынан не үшін шығарылады?

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков
«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков
«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков

«Нұр Отан» партиясының қатары күн өткен сайын қалыңдай түскені анық. Содан да болар оқырмандар тарапынан «партия қатарына қалай өтуге болады? Қанша теңге жарна төлеу қажет?» деген сауалдар жиі қойылады. Біз оқырмандардан келген сауалдарды «Нұр Отан» партия-сы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Мамыт-бековке қойған едік.

– Алмасбек Кеңесбекұлы, «Нұр Отан» партиясына қалай мүшелікке өтуге болады? Мүшелікке өту үшін ұсынысты кімдер білдіре алады? 

– «Нұр Отан» партиясына мүшелікке өту азаматтың жазбаша өтініші негізінде және партияның екі мүшесінің ұсынымы қоса беріле отырып жүзеге асырылады. Партияға қабылдауды бастауыш партия ұйымының жиналысы шешеді.

Сонымен қатар, партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюролары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының Бюросы жүзеге асыра алады Электрондық цифрлік қол қою жолымен расталған партияға қабылдау туралы электрондық құжат түріндегі өтініш қағаз бетіне жазылған жазбаша өтінішпен теңестіріледі.

– Партиялык жарна төлеу қалай жүзеге асырылады? Қанша соммада? 

– Еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 1% және партия мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары;

студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 0,1% және партия мүшесінің өз қалауы бойынша одан да жоғары.

Зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар мүшелік партиялық жарналарды төлеуден босатылады.

Партиялық кіру жарнасы бір рет төленеді және мүшелік партиялық жарналардың ай сайынғы мөлшеріне теңестіріледі.

Студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары, сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар партиялық кіру жарналарын төлеуден босатылады.

Кіру және мүшелік партиялық жарналарды төлеу және есепке алу партиялық жарналарды төлеу және есепке алу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

– Партия қатарынан қандай кезде шығарылады? Жарна төлемеген жағдайда шығарылуы мүмкін бе? Партияға мүшелік құқынан әділетсіз айырған жағдайда партияның бұрынғы мүшесі сотқа арыздана ала ма? Соттың ол арызды қабылдауға, қарауға құқы бар ма?

– «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 3.6. тармағына сәйкес партияға мүшелік мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) тиісті құрылымдық бөлімшеге берілген жазбаша өтініш негізінде партиядан шығу;

2) азаматтығын жою, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға көшу;

3) әскери қызметке, ұлттық қауіпсіздік органдарына, құқық қорғау органдарына қабылдану, судья болып тағайындалу (сайлану);

4) партияның келісімінсіз Парламент Сенатының, мәслихаттар депутаттығына кандидат болып және өзге де мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы сайланбалы лауазымдарға өзін-өзі ұсыну;

5) мынадай әрекеттері үшін пар-тиядан шығарылған жағдайда:

соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қылмыс жасағаны үшін;

жемқорлық әрекеттері үшін;

партия беделін түсіретін әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе партия мүддесіне зиян келтіретін басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін;

партия Жарғысын, партия органдарының бағдар-ламалық құжаттарын, шешімдерін сақта-мағаны үшін;

тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда уақтылы есепке тұрмағаны (алты айдан астам) үшін;

6) басқа партияға кіру;

7) қайтыс болу, сондай-ақ сот шешімімен азамат қайтыс болды немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда.

Сондай-ақ, партияның әрбір мүшесі мүшелік партия жарналарын уақтылы төлеп тұруға міндетті. Жарна төлемеген жағдайда бастауыш партия ұйымының жиналысы немесе партияның, филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы партия мүшелігін тоқтату немесе партия қатарынан шығару жөніндегі шешімді қабылдайды.

Партия мүшесі партиядан шығару туралы немесе оған партиялық жаза қолдану туралы шешім бойынша үш айдың ішінде партияның жоғарғы органына шағым жасауға құқығы бар.

– Партия қатарынан шығару ұсынысын кімдер айтуға тиісті? Ол облыстық филиалдың құзыретіне жата ма? Әлде тек Орталық аппаратқа ұсыныс айту арқылы жүзеге асырыла ма?

– Партия мүшесінің партиялық жауапкершілігін қарау бойынша ұсынысты Бастауыш партия ұйымының жиналысына БПҰ-ның әрбір мүшесі береді. Шешім бастауыш партия ұйымының жиналысында көпшілік дауыспен қабылданады. Сонымен қатар, партияның, филиалдың Саяси кеңесінің Бюросына партия филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық Кеңес және Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан ұсыныс келуі мүмкін. Бұл жағдайда, шешім Бюро мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан – Ж. ШАЛАБАЕВА