Шымкентте «Бабалар аманаты» ұлықталды

768
кешке 100-ге тарта өнерпаз қатысты

«Бабалар аманаты». Шымкентте осындай тақарыптағы тарихи-танымдық жобаның тұсаукесер кеші өтті. Тек жергілікті өнер иелерінің қатысуымен өткен халық өнерін тамашалауға келген көпшіліктің қарасы қалың болды.

Жандос Мырзабек
Жандос Мырзабек

Жандос Мырзабек халық қазынасын нақышында шарықтата шырқады. Қазақтың дархан даласының мәрттігі көрініс тапқан жыр-термелерді көпшілік те үлкен әсермен тыңдап отыр. Жас өнерпаздың айтуынша, сахнадағы діттегені де – осы. Шығарамны халықтың жүрегіне жеткізу.

Жандос Мырзабек, әнші-термеші: «Алтай әндерімен аралас туындыларды, халық әндерін орындадым. Көпшілік маған демеу беріп, қол соғып отырды. Мұның өзіне айтар алғысым шексіз. Алдағы мақсатым – халық арасында орындалмай кеткен шығармаларды жарыққа шығару, жаңғырту.»

Ширек ғасырдың естелігі күмбірлеген күйдің бойынан табылды. Сағым сырды ұқтырды да. Осы шарада бабалардың аманатын ұлықтау үшін 100-ге тарта өнерпаз қатысты. Ал бастаманы ұйымдастырушысының сөзіне сенсек, қазақтың тектілігі мен ұлттық өнерінен сыр шертетін кештің ерекшелігі жас таланттардың қатысуы ғана емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UfYhetAereU[/youtube]

Қалмахан Омар, «Бабалар аманаты» жобасының авторы: «Қазіргі уақытта біздің дәстүрлі ән мен халық аспаптарымызға жойылып кету қаупі төніп тұр. Себебі, жастар жаһандану заманды бастан өткеріп жатыр. Халық қазақтың өнеріне шөліркеген кезде мұндай кешті өткізуді парыз санадым. Ал кештің ерекшелігі – біздің қазақтың ешбір өнер саласын ұмыт қалдырмаймыз. Терме-толғау, жыр, айтыс өнері, халық аспаптары, күй – баршасы да осы шарада бар.»

кешке 100-ге тарта өнерпаз қатысты
Кешке жүзге тарта өнерпаз қатысты

Көпшілік сахна төріне айтыскерлер көтерілгенде үлкен қошемет көрсетті. Қазақ өнерінің асылы саналатын жыр-айтыста жезде мен балдыздың әзілді шумақтары айтылды. Тіпті айтыссүйер қауым сұраныс арқылы ақындарды сахнаға қайта шақырды. Бұл – олардың өнерге деген риясыз құрметін көрсетсе керек.

Көрермендер арасында аға буын басым болды
Көрермендер арасында аға буын басым болды

Досаман Ырыстамбетов, көрермен: «Керемет әсер алып отырмын. Жастар сахнаға шығып, домбыраның құлағында ойнап жатыр. Жыр-термені де нақышында айтып жатыр. Не деген бақыт десеңші! Өз жерінде осындай халық өнерін орындауда! Қазіргі заманда мұндай «Бабалар аманаты» деген сияқты бастамалар ауадай қажет дер едім.»

Айта кетейік, қазақтың төл өнерін дәріптеген «Бабалар аманаты» жобасы алдағы уақытта жалғасын таппақ. Яғни, кеш ұйымдастырушысы Қалмахан Омар осы жобамен еліміздің өзге де өңірлеріне гәстрөлдік сапарды жоспарлап отыр.