Шымкенттегі химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жазғы мектептің» жабылу салтанатты өтті. Жұмысы 26-мамырдан басталған жазғы мектепте шетелдік ұстаздар да қызмет еткен.

Дарынды оқушылармен бірге партаға отырып, сабақ алған орта мектептердің оқушылары жазғы мектеппен қимай қоштасты. Айта өтейік, дәл осы химия-биология бағытындағы мектепте Шымкенттегі №65 білім ордасының және Қазығұрт ауданындағы мектептердің оқушылары білім алды. Олар үшін арнайы бағдарлама дайындалып, сауықтыру сабақтары да өткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Nx9eaoXDHsg[/youtube]

 

Бүгін жазғы мектепті сәтті бітірген оқушыларға сертификат пен өздері қатысқан жобалардың бейнетаспалары табысталды.