Шымкент: Балаларды жазғы мектепте оқыту маусымы аяқталды

68

Шымкенттік оқушылар жазғы мектепте сабақ алып, білімін жетілдіру мүмкіндігін пайдаланды. Шаһардағы білім ордаларында оқу ерікті түрде барлығына тегін өткізілді.

Әсіресе, басты назар үлгерімі төмен оқушыларға аударылып, үздіктер де өз қалауынша оқыды. Қосымша сабақтар стандартты форматта, яғни 40 минуттан күніне 3-4 пән жүргізілді. Тек, әдеттегіден бір ерекшелігі, ұстаздар балаларды үй тапсырмасын орындауға міндеттеген жоқ. Сондай-ақ, олардың үлгеріміне баға қоймады, яғни оқушылар сабаққа еркін түрде қатысты.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Жазғы мектепке оқу үлгерімі төмен және қосымша дайындықты қажет ететін оқушыларды таңдадық. Әрине, балаларының қосымша сабаққа баруын қалайтын ата-аналар да болды. Білім министрінің сөзінше, келесі жылдан бастап біз жазғы мектепті өткізіп тұрамыз. Енді үлгерімі төмен балаларды қосымша оқуға міндеттейміз. Оқушылармен министрдің бұйрығы негізінде жан-жақты жұмы істейміз».

Мұғалімдер ағымдағы оқу жылында бекітілген жүктеме аясында жұмыс істеді. Қазір олар әдеттегі жазғы демалысқа шықты.

Аида Қарсыбайқызы