Бес көлік жол апатына ұшырады

474

Бүгін таңғы сағат 9:40 шамасында Жібек жолы және Сайрам көшелерінің қиылысында 5 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына себеп болған – «Мерседес» көлігінің жүргізушісі. Өйткені, үлкен жылдамдықпен келе жатқан ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп бара жатқанда оң бүйірден келе жатқан № 67 бағыттағы көлік Мерседесті сырып өткен.

Соның салдарынан бағытынан айныған Газель жүргізушісі рөлін басқара алмай, бағдаршамға барып соғысқан. Ал Мерседестің иесі қарсы беттегі бағдаршамда тұрған 3 темір тұлпарды соғып кеткен. Қазір апатқа кімнің кінәлі екенін құқық қорғаушылар анықтап жатыр. Жол-көлік оқиғасының кесірінен бір жүргізушінің аяғы сынған. Оны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті. Ал қалған азаматтар дін аман.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=M3bgRAXks-8[/youtube]