Бозбаланы өлтіргендерге үкім шықты (видео)

211

Шымкентте мамандандырылған қылмыстық сотта 17 жасар бозбаланы өлтіргендерге сот үкімі оқылды. Шымкенттің тұрғынын өлтірді деген айыппен 5 жас жігіт ұсталып, сотқа тартылған.

000

Солардың бірі — 19 жастағы Шыңғыс Биболовқа қасақана адам өлтірді және қаруды заңсыз сақтады деген айып тағылса, қалған 4 жігіт жасалған қылмыс жайлы айтпағандары үшін жауапқа тартылған.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында жас жігітті белгісіз біреулер атып кетіп, соның салдарынан жарақат алған жігіт мерт болған еді.

Осы іске қатысты үш айыпталушыны сот кісі өлтіру қылмысын жасырып қалғандары үшін 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал басты айыпталушы — оқ атқан жігіт 20 жылға түрмеге қамалды.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=-lk4CytzNCc[/youtube]