Кинологтар жарысы басталды

317

Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде кинологтардың кәсіби байқауы басталды. Алматы, Шымкент, Тараз және Талдықорған өңірлерінен келген әскерилер өздері баптаған, оқытып-жаттықтырған иттерді додаға қосады.

Айта кету керек, кинологтардың еткен еңбегі, әсіресе, кеден саласында көп қажет. Заңсыз есірткі тасымалын тосқауылда аса қажетті қызметті иіс сезгіш иттер көрсетіп келеді. Ұлттық әскер гвардиясындаға кинология саласы арқылы былтыр 30-ға жуық құқықбұзушылық анықталған.

21-шілде күні бастау алған байқау 27-шілдеге дейін жалғасады. Мұнда кинологтар байқаудың 21 ережесі бойынша бақ сынайды.