Шымкентте шыны ыдыстары зауыты ашылды

877

Қазірде отандық нарыққа шеттен миллиардқа жуық шыны құты импортталады екен. Осы олқылықтың орнын жою мақсатында өңірімізде үш бірдей шыны ыдыстарын өндіретін зауыт салу көзделуде. Олардың бірі әлі қағаз бетінде болса, екіншісінің құрылысы жүріп жатыр. Ал «Еврокристалл» кәсіпорны биыл өз ісін бастап кетті.

20140709_150530

20140709_150415

20140709_150449

Жылына 100 миллион данаға дейін шыны құтысын өндіретін өндіріс ошағы әлемнің озық құралдарына құда түсіп, Қытайдан жабдық пен маман алдырған. «Еврокристалл» зауытында қазір 150 азамат жұмыс істейді. Олардың 16-сы аспан асты елінен келген. Бірақ бәрі уақытша дейді өндіріс орнының басшылығы. Өйткені, жергілікті мамандар оқытылып жатыр екен. 3-6 айдың ішінде өз кадрларымыз да дайын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XGxfP1umb_4[/youtube]

20140709_150754

20140709_151157

 

20140709_150303

20140709_150442

Зауыттың алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін 2,3 миллиард теңге жұмсалыпты. Келер жылы екінші ошақты орнатуға тағы миллиард теңге қажет дейді мамандар. Толық қуатына шыққанның өзінде ірі өндіріс ошағы ел сұранысының 15 пайызын ғана қамтамасыз етпек. Себебі, сыра мен сүт өңдейтін зауыттарға, фармацевтикаға шыны құтылары аса қажет көрінеді.

20140709_150612

20140709_150322

20140709_150404

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустиялды аймағынан бой көтерген бұл кәсіпорынға жергілікті билік қолдау көрсетіпті. Атап айтқанда екінші деңгейлі банктің жобаны қаржыландыруына ықпал жасаған.

20140709_150430

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Үкімет тарапынан екінші деңгейлі банктен алған несиесін арзандатып бердік. 14 пайыздан 7 пайызға түсірдік. Бұдан басқа зауытқа бүкіл инфроқұрылымын тартып бердік. Мәселен, жарық, су, газ, жол, тұйық теміржол.»

20140709_150629

20140709_150828
Биыл нақ осы индустриялды аймақта 65 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр. Оның 32-сі бүгінгі таңда жұмысын жандандырған.