«Ақжайық» шағынауданының тұрғындары 4 күн дегенде суға әзер қол жеткізгенде тағы да тіршілік нәрінсіз қалды. Жарты тәулікке жетпей жатып судың қысымына шыдас бермеген құбырлар жарылды.
«Ақжайық» шағынауданында су іздеп, бүлдіршіндерге дейін шелек көтеріп кеткен. Жаздың аптап ыстығында мұндағы мыңға жуық отбасы үшін ауызсу алтынмен тең.
Райымбек, Созақбаев: «Ақжайық» шағынауданының тұрғыны: «Су жоқ, міне, мына жақ жарылып жатыр. Жоғары жақ жарылып жатыр. Су көп, бірақ, ешқайсымыз сусыз отырмыз.»
Гүлайым апа: «Азанда сағат тоғызда қоңырау шалдық, ешкім келмеді. Сағат 3-те біреу келді, менің суым емес деп, біреуі кетті, екіншісі келіп, ойбай менікі емес екен, ана жақтан жауып қойдым» деді.»
[youtube]www.youtube.com/watch?v=JB4q2eYQj9o[/youtube]
Су құбырларына жауапты мекеме басшылығы ертеңгі күні жүйеге су қосылғанда, басқа үйлердің маңынан құбырдың тесілмесіне кепілдік жоқ деп мойындап отыр. Екі жыл бұрын «Энергострой сервис» ЖШС-нің сапасыз жүргізген құбырлары су қысымына шыдамайды. Шарт бойынша мердігер мекеме жұмысына 3 жыл жауапты.
Құттыбай Асырау: «Су ресурстары маркетингі» ЖШС бас директорының орынбасары: «Жұмыстың сапасыздығынан ғой, сол себепті құбыр жиі-жиі жарылып жатыр. Бірінші рет емес, айтып отырмын ғой, айына 20-30 реттен жарылған күндері болған. «Қайтпастағы» адамдар апталып, айлап сусыз отырған.»
[youtube]www.youtube.com/watch?v=49e_A-j9hd4[/youtube]
«Ақжайықтың» тұрғыны Әсел Бекбаева ауызсудан үмітін үзді. Өйткені судың қосылуынан өшірілуі тез. Ашынған халық биліктен нақты қадамдар жасалмаса, ақ жағалылар мен су құбырын жүргізген компанияларды сотқа береміз деген шағымын да жеткізді. Құбырды жүргізген мердігер ізім-қайым жоқ, ал су мекемесінің мамандары оларды күтіп жүргенде тұрғындар 1 аптадан бері сусыз отыр. Және олардың суға қашан қол жеткізері белгісіз.