Бес жасар қыз құдыққа құлап қалды

348

«Құдықтан қақпақ кетсе…» Беті ашық қалған құдықтарды Шымкаенттің әр жерінен көруге болады. Солардың салдарынан Қарлығаш Мамырова 5 жасар қызынан айрылып қала жаздады. Жас бүлдіршін беті ашық құдыққа құлап кеткен.

007

Қарлығаш Мамырова: «Қызымның соңынан «Құралай» деп айқайлап үлгергенімше болмады, қолындағы тасты суға лақтырып, артынан құдыққа түсіп кетті. Айқай салып, «Көмектесіңдер» деген сөзіме қайын сіңлім жүгіріп барып, бір батып, бір шығып жатқан қызымның аяғынан ұстап, шығарып алды. Көзі аларып, есінен кете жаздады. Үйтіп-бүйтіп, алғашқы жәрдемді көрсеттік.»

Қаладағы құбырлардың аузы ашық қалуының негізгі себебі — шойын қақпақтарының ұрлануы. Күніне шаһарда 10-15 қақпақ қолды болады екен. Ал «Су арнасы» мекемесі осы мәселемен құзырлы органдарға сан мәрте шағым айтқанмен, мардымды жауап ала алмаған. Ендігі амал шойын қақпақтың барлығын да бетонға алмастыру болып тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uzLg5inNvzk[/youtube]

Жақсылық Елеусізов, «Су құбырлары және кәріз жүйесі» МКК мекемесінің учаске бастығы: «Әсіресе шойын қақпақтар қолды болып жатыр. Үш ауданның полиция қызметкерлеріне хабарластық, бірақ нәтиже жоқ. Бірғана «Нұрсәттің» өзінде 1 апта ішінде 30 қақпақ ұрланған. Ал мына жердегі қақпақтың жоқ екені жайында бүгін азанда өтініш түсті. Міне, үстін бетоннан жасалған қақпақпен жаптық.»

Ал жедел жәрдем қызметкерлері Құралайдың оң аяғының тізесі сырылған деген диагноз қойған. Бүлдіршінді Құдай қағыпты. Қыздың анасы аяқ асты келген пәледен оңай құтылғанына шүкіршілігін айтуда.