Миллионды қала тұрғындары автобустарға сыймай жатыр

105

Қала шетіне қатынайтын қоғамдық көліктің аздығынан таңғы, кешкі мезгілде жұрт діттеген жеріне уақытылы жете алмайды. Көпшілік қала шетіне қатынайтын автобустардың санын көбейтіп, сапасын арттырып беруді сұрайды. «Нұртас» шағынауданының іргесіне жақын орналасқан екі мектеп бар. Балалар осы екі мектепке де баруға қиналып жүр дейді тұрғындар.

Жауапты басшылар көлік тапшылығынан хабардар. өзі келген. Қазір осынау арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр дейді шенеуніктер. Бұл түйіткіл жыл соңына дейін шешіледі деп уәде етті.

Бұл қаладағы «Нұртас» шағынауданының тұрғындарының түйіні тарқамаған мәселесі көп. Жол жоқ, жарықтандыру керек, ең негізгісі қоғамдық көліктің аздығы. «Нұртастың» іргесіне жақын орналасқан екі мектеп бар. Балалар осы екі мектепке де баруға қиналып жүрген көрінеді.

14 шағын автобустардың график мәселесінде мін таққысы келмейді басшылары. Көліктің саны аз деп шулаған халық, бүгін бірінен соң бірі жарыса жүрген 14 микроавтобустың жылдамдығына өздері де аң – таң. Әр алты минут сайын қатынағанын өзіміз де есептеп көрдік. Десе де, мектепке барар уақытта балалардың сыймай келесі көлікті күтуіне мәжбүр болады.

Маршруттың бригадирі бұл мәселені бүгіннен бастап қолға аламын деп уәдесін үйіп-төкті. Қосымша графиктен тыс кезекші көліктер қосатынын айтып, елді сендірді.

Жауапты басшылардың да бұл шудан хабары бар екен. Бірнеше рет шағым түсіріп, халықтың өзі келген. Оқиға орнында мамандар да барған. Шешілген мәселенің қарасы көрінбейді. Баяғы жартас, сол жартас.

Олардың айтуынша, «Нұртас» шағынауданының шеткі тұсына автобустар қатынауға мүмкіндік жоқ. Себебін жолдың тарлығы мен дөңес көшелердің көптігімен түсіндірді. Қысқы уақытта тайғақ жолдан автобустар жоғарыға көтеріле алмайды екен. Бірақ жауапты басқарма дәл осы арыздар бойынша арнайы хат қаралып жатқанын айтты. Жуық арада оң жағына шешіледі деді.

Гүлнұр Әмірәлі