«Эболадан» сақтану шаралары қолға алынды

310

Қазақстандық эпидемиологтар «Эбола» безгегімен күресуді бастады. Батыс Африкада мыңнан аса адамның өлімін қиған қауіпті індет АҚШ, Еуропа елдерінде де тіркелген. Жергілікті халықтың қауіпсіздігіне алаңдаған мамандар алдымен тиісті шараларды әуежай мен теміржолда жүргізбек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jXQmmxMqkoU[/youtube]

«Эбола» – жұқпалы вирус. Ол негізінен қан арқылы тарайды. Алғашқы белгілері адамның бірден қызуы көтеріліп, басы ауырады, құсады, тіпті, қан кетуі мүмкін. Аурудың алдын алу үшін гигиеналық тазалық сақтау керек. Ал бұл Африкада мүмкін болмай тұр.

002Енді дерт басқа да құрлықтарға тарап жатыр. Сондықтан мұндай жағдайда Қазақстан қамсыз отыра алмайды. Қазір барлық халықаралық әуежайлар мен теміржолдарда арнайы жылувизорлар жұмыс істеуде. Озық аппарат жолаушының дене қызуын қашықтықтан-ақ дөп басып айтады. Жергілікті халықтың қауіпсіздігіне алаңдаған мамандар ең алдымен әуе арқылы қатынайтын жолаушылар тасымалына шектеу жасау қажет дейді.

Бұдан бұлай тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары барлық жергілікті туристік операторларға індет тіркелген ошақтар туралы деректерді шұғыл түрде жеткізіп отырады. Мамандар қауіпті елге қатынасты шектемек.