Имамдар оқушыларға қайырымдылық жасады

256

«Мектепке жол» акциясынан имамдар да қалыс қалмады. Облыстық мешіттің өкілдері жомарт жандардың қолдауымен 50-ден аса жасөспірімге жол ашып, мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

Облыстық мешітте өткен «Мектепке жол» акциясы аясында сый-сияпатқа ие болған 50-ден аса жасөспірімнің қуанышында шек жоқ. Солардың бірі – Көркем Пернебайқызы. Биыл екінші сыныпқа баратын ол алғашқы қоңырау мекересіне сақадай сай. Алдымен Алланың, содан кейін жомарт аға-әпкелерінің арқасында мектеп киіміне қол жеткізіп, қажетті құралдарымен қамтылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KYQXMxATLpY[/youtube]

Көркем Пернебекқызы, оқушы: «Осы киім-кешекті алып берген ағама үлкен алғысымды айтамын. Барлық киімдер өте әдемі және жылы. Мен мектепті 4 және 5 деген бағамен оқуға уәде беремін.»

Бүкіл ел атсалысып жатқан акциядан мешіттер де шет қалмады. Үнемі көпбалалы отбасы мен күнкөріс деңгейі төмен жандарға қол ұшын созып жүретін олар, жаны жомарт жандардың арқасында тағы да 5 мың жасөспірімнің мектепке барып, білім алуына жағдай жасаған.

Мұхамеджан Естеміров, облыстық мешіттің наиб-имамы: «Қаламыздағы көпбалалы отбасынан шыққан және жартылай жетім бүлдіршіндерімізді киіндіріп отырмыз. Қайырымды азаматтар мен елжанды бауырларымызға Алла разы болсын дейміз. Жұмыстарына береке берсін деп тілейміз.»

Облыстық мешіттің имамдары игі шара ай соңына дейін жалғасатынын жеткізді. Мектепке балаларын дайындай алмай отырған жандар болса, облыстық мешітке хабарласуларына болады.

IMG_2263