Оңтүстікте 2 миллард теңгеден астам қаржы қайтарылмаған

Облыстық сотта мемлекет мүддесіндегі сот актілерін орындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Облыстық сот

Мұнда мәлім болғандай, осы жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам қылмыстық іс пен азаматтық іс және әкімішілік істер қозғалса да 2 миллард теңгеден астам сома өндірілмей отыр. Өндірілмей жатқан пұлдың жартысынан астамы экономикалық сотқа қатысты дейді облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Әділхан Тұрғымбеков.

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша орындалмай жатқан жұмыстардың кесірінен саладағы мұрағат ісінде көптеген кемшіліктер орын алып жатыр екен.

Әділхан Тұрғымбеков, облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы: «Қылмыстық іс бойынша сот актілері ең көп орындалмай отырған – Әл-Фараби аудандық соты. Бұл соттың 44 үкімі 335 миллион 971 мың 238 теңгеге орындалмай отыр. Одан кейін Түркістан қалалық соты. 31 үкімде 31 миллионға орындалмаған. Мақтаарал ауданының екінші соты. 8 үкім. 14 миллион 397 мың 303 теңгеге. Еңбекші аудандық соты. 6 үкім – 12 миллион 825 мың теңгеге. Осылай кете береді…»