Шәмшінің біз естімеген бір әні

577
"Ақсудан ұшқан аққуым" әнін орындаушы әжелер ансамбілі

Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек. Өзгелігі сол, байқауға қатысушы 19 үміткердің бәрі де Шәмшінің алғашқы туындыларының бірі – «Ақсудан шыққан аққулар» әнін орындаулары тиіс. Сазгердің Алатау баурайындағы Мәдени ауылына қонақ болып келген кезінде туған ән халық арасына кең таралған жоқ. Десе де, мәдениліктер үшін бұл әннің орны бөлек.

"Ақсудан ұшқан аққуым" әнін орындаушы әжелер ансамбілі
Әжелер ансамблі «Ақсудан ұшқан аққуым» әнін орындауда

Қалдыбек Құрманәлі: «Бұл ән туралы бірнеше нұсқа болды. Біреуі Алматы облысындағы Ақсуға, бірі Павлодарда арналған деген әңгімелер көп болды. Ал негізі, Сайрамға арналған. «Ақсудан ұшқан аққуым» әнін Мұхтар ағамыз осы ауылға келіп шығарғанын айтты. Және кімнің үйінде болғанын да айтты.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jaoQ7h_uv6Q[/youtube]

Фестивальға Шәмші Қалдаяқовтың өнерде үзеңгілес болған сазгерлер мен шәкірттері келді. Соның бірі – Серікжан Сейітжанов. Ол «Ақсудан ұшқан аққуым» әнін ең алғаш орындаған жандардың бірі. Сиясы кепеген шығарманы вальс падишахының өзі оған орындауға ұсынған екен.

Серікжан Сейітжанов, әнші: «Осыдан 46 жыл бұрын, студентпін, Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың сұрауы бойынша облыстық телерадио кешені студиясында әнді таспаға басып, эфирден алғаш орындап шықтық. Осылайша әннің алғаш тұсауы кесіліп, бірнеше жыл қатарынан радиодан берілді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JZtG2wvvpJU[/youtube]

Шәмшінің осыдан елу жылдай бұрын жазған «Ақсудан шыққан аққулар» әнін сайысқа қатысқан жиырмаға жуық өнерпаз қайталап орындаса да халық бұл әннен жалықпады. Бұл осы бір әннің халық жүрегінен орын алғандығын көрсетсе керек. Бір сөзбен айтқанда, әннің мерекесі болды. «Ақсудан шыққан аққулар» Мәдени ауылында туғанын растау үшін ұйымдастырылған шарадан рухани ләззат алғандар мұндай байқаудың жалғасы болуы керек деген ой түйді.