Тәртіп сақшылары мектеп директорларын жемқорлықпен күреске шақырды

267
жаңа оқу жылы қарсаңында ескерту жасалды

Жыл басынан бері Абай ауданында сыбайластық жемқорлық сипатында 14 қылмыстық іс қозғалған. Жемқорлыққа жол бергендердің қатарында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мектеп директорларының қарасы көп.

жаңа оқу жылы қарсаңында ескерту жасалды
жаңа оқу жылы қарсаңында ескерту жасалды

Бұл туралы осы аудан басшылығының білім беру саласы өкілдерімен басқосуында мәлім болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында басшыларды жемқорлыққа тұсау салуға шақырған құқық қорғау саласы мамандары адам саудасы тақырыбынан да айналып өте алмады. Себебі, адам саудасы құрбандары мен жезөкшелікке жегілгендердің қатарында оқушы қыздардың үлес салмағы басым. Сондықтан тәртіп сақшылары қоғамдағы қос дертпен күресу үшін күш біріктіруге шақырды.