Әл Фараби ауданында 52 ойын алаңшасы дайын

251
балаларға базарлық жасалды

Шымкенттегі Әл Фараби ауданында 52 ойын алаңшасы пайдалануға дайын. Ауданға қарасты алты саябаққа жаттығу құралдары. Тапсырыс берушілер жаңа нысандарды аралып шығып, құрылыс сапасын тағы бір пысықтап қайтты.

балаларға базарлық жасалды

Үсен Тілеуқабыл сабақтан кейін достарын ертіп, осында келеді. Салауатты өмір салтын ұстанған жеткіншектер денелерін шынықтырып, бір сергіп қайтады. Қарағандылық «Карат» компаниясы ұсынған жаттығу құралдары спортты серік еткен жас достарға жарап-ақ тұр.

Жаңа нысандардан балғындар да құралақан қалған жоқ. Аудандағы 50 шақты ойын алаңшасы пайдалануға дайын. Ойын десе ішкен асын жерге қоятын балалар жаңа ойын алаңшаларында бірі сырғанап, бірі әткеншек теуіп мәз болысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1TJtIsjJ0ag[/youtube]

Тапсырыс берушілер жаңа нысандарды аралап шығып, сапасын тағы бір сынақтан өткізді. Жауаптылар әрбір элементің пішініне, тіпті, бояуына дейін мән берді. Мердігерлер құрылысты тұрғындардың өтініштерін ескере отырып жүргіздік дейді.

Айта кетейік, нысандар кепілдік мірзімімен қабылдануда. Егер келісім-шартта көрсетілген уақытта ақаулар байқалса, мердігер құрылыстағы олқылықты ретке келтіруде өз мойнына алады.