«Эврика» сауда желісінің жаңа ғимараты ашылды

537
"Эврика" сауда желісінің жаңа ғимараты

«Эврика» сауда желісінің тұтынушары үшін жағымды жаңалық! Сауда орнының тағы бір кең ғимараты жұмысын бастады. Мұнда заманауи үлгідегі техникалық жабдықтардың кез келген түрін кездестіре аласыз. Ең бастысы, 40 мың теңгеге дейін жеңілдіктер қарастырылған.

"Эврика" сауда желісінің жаңа ғимараты
Жаңа ғимарат

Енді ғана жұмысын бастаған сауда орнына келушілердің қатары қалың. Тұтынушылар замануи үлгідегі техникалық жабдықтармен танысып жүр. «Эврика» сауда желісінің тұрақты тұтынушысы Вадим Шпильман да осында. Жерлесіміз жаңа ғимараттағы жаңа түсіммен тамашлауға келген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PULMTxswASY&list=UURCSwksaeB6CKDucIqqqygw[/youtube]

Вадим Шпильман:»Жаңа дүкенде жеңілдіктер көп жасалып жатыр. Бұл талай техникалық дүниені сатып алуға мүмкіндік деп ойлаймын. Қазір үйге қажетті жабдықтарды аламын. Бұған дейін көптеген техникаларды сатып алғанмын, сондықтан «Эвриканың» ұсынған өнімдерінің сапасына 100 пайыз сенемін.»

«Эврика» сауда дүкені Шымкентте ең алғаш осыдан 14 жыл бұрын ашылған болатын. Бүгінде сауда желісінің бесінші ғимараты пайдалануға беріліп отыр. Жаңа сауда орнының ерекшелігі – ауқымында. Яғни, ең үлкен «Эврика» дүкенінен үйге қажетті барлық бұйымыңызды сатып ала аласыз.

Жаңа сауда орны жеңілдіктер ұсынады
Жаңа сауда орны жеңілдіктер ұсынады
Соңғы үлгідегі техникалар
Соңғы үлгідегі техникалар

Александр Никанов, «Эврика» ЖШС компаниясы жекелей жүйесінің директоры:»Ұялы телефондардың көптеген түрін ұсынып отырмыз. Кез келген бұйымның, тіпті тұрмыстық техиканың да соңғы үлгілері бізде. Ал кең, яғни, ауқымы үлкен осы ғимараттың қажеттілігі өнімнің барлық түрін ұсыну үшін туындады. Қазір мақсатымыз орындалды десем болады.»

Көпшілік кассаға ұзын-сонар кезекке тұруға көшкен. Себебі тұтынушылар үшін мұнда 40 мың теңгеге дейін жеңілдіктер жасалды. «Эврика» сауда желісі алдағы 4 күн бойы жеңілдік аясында жұмыс жасайды.

Лидия Титаренко, тұтынушы: «Мұнда теледидарға үлкен жеңілдіктер бар екен. Оны көрген бойда көптен бері армандап жүрген теледидарымды сатып алдым. Өте қуаныштымын. Эвриканың осындай үлкен ғимараты ашылғаны дұрыс болды.»

Жаңа сауда орнынан тұрмыстық техникадан бастап жиһаз, төсек-орын жабдығы, жалпы, үйіңізге қажеттінің бәрін табасыз. «Эврика» сауда желісі демалыссыз, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Жаңа дүкен «Фиркансити» ғимаратына қарсы бетте орналасқан.