Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары сотталды

473
Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары 3 жыл 6 айға сотталды

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары сотталды. Ол өз қызмет бабын пайдаланып, арызданушының сеніміне қиянат жасау арқылы басқа бір азаматтың атына Жүзімдік ауылдық округінің Сәтбаев елдімекенінен ұзақ мерзімге пайдалануға 14 гектар жайылым жерді беруге шешім шығарып беремін деп6 5 000 АҚШ доллары көлемінде қаражат талап еткен.

Алайда бөгденің мүлкін алаяқтық жолмен иемденуге бағытталған іс-әрекеті оның өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмей, бұл азаматns құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрықталды. Сот айыпталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары 3 жыл 6 айға сотталды

Нұргүл Лесова, Сарыағаш аудандық сотының судьясы: «Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Серік Амалбекұлы Асханбеков 2014 жылдың 8-қыркүйегінде Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ҚР қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігінің «Г» тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімінде мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар Қылмыстық кодексінің 41-бабының 3-тармағын қолдана отырып, оған қатысты мемлекеттік қызметпен 5 жыл мерзімінде айналысу құқығынан айыруға үкім шығарылды.»