Шымкентте ВИЧ-ке шалдыққан балалар емсіз қалды

291
Вич позитивті 2 баланың ата-анасы ем қабылдауды доғарды

Оңтүстікте ВИЧ-ке шалдыққан балалардың ата-аналары енді олардың ем қабылдауынан бас тартып отыр. «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының мәліметінше, қазірдің өзінде екі бірдей бала аты суық дертке қарсы ең қажетті емді қабылдауды доғарған. Енді қоғамдық қор басшылығы ата-аналардың бұл қадамын құптамайтынын мәлімдеп, прокуратураға хат жазды.

Вич позитивті 2 баланың ата-анасы ем қабылдауды доғарды

«Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қоры басшылығының айтуынша, балалардың ем-домнан бас тартуы онсызда қатерлі вирусты өршітіп, балалардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан індетке шалдыққан жеткіншектердің ата-аналары бұл қадамы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

Жанетта Жазықбаева, «Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының президенті: «Жасырмаймын, бізде 2 баланың ата-анасы антиретровирустық емді қабылдаудан бас тартты. Бұл жағдайға біз қол қусырып отыра алмадық, оларға қарсы прокуратураға хат жолданды. Ата-аналары балаларының өміріне жауап береді. Бүгінде перзенттерінің аты жаман ретке шалдыққанына сенбейтін ата-аналар да бар.»

Роберт Сухонен
Роберт Сухонен

ВИЧ індетіне шалдыққан адамдар дертпен өмір бойы күресуге, оған қарсы қауқары күшті дәрмектерді қабылдауға мәжбүр. Бұл ем ересек адамның ағзасына жеңіл тимейді, ал кішкентай бала үшін тіпті ауыр. Ата-аналар емнен бас тартуын осы жағдаймен түсіндіреді.

Ал ғасыр дертіне қарсы емді орта жолдан тоқтатудан науқастың жағдайы одан сайын төмендейді. Бұл жөнінде жиында Австриядан келген мамандар – Роберт және Улогретта Сухонен айтты. Олар дүниежүзін аралап, ВИЧ дертімен ауыратын балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кеңестерін айтады. Халықаралық деңгейдегі мамандар шымкенттік ата-аналарға ем-домның арасын үзбеуді ескертті.

Роберт Сухонен, ВИЧ індеті бойынша халықаралық сарапшы: «Күн сайын қауқарлы дәрмектерді қабылдау – балаларға оңай емес. Сондықтан ата-аналар олардың жанын түсініп, ерекше күтіммен қарауы тиіс. Жай емес, дәрі қабылдар кезде ойын ойнап, оны жеңілдету қажет. Тіпті бала дәріні өзі ішкісі келетіндей дәрежеге жеткізу маңызды. Тіпті ес жиған жеткіншектерге дәріден бас тартудың соңы ауыр жағдайға әкелетінін түсіндіру де артық етпейді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dplLKZcLmpo[/youtube]

Австриялық мамандар осы семинарды өткізу үшін Шымкентке арнайы келген. Шымкентте 2006 жылы ВИЧ індеті төңірегінде туындаған дауды естіген. Сол жылы жауапсыз мамандардың кесірінен 200-дей бала аты суық дертті жұқтырған болатын.

Халықаралық деңгейдегі мамандар бұл балаларға тек дәрілік ем жеткіліксіз, олар үшін ата-ананың қана емес, қоршаған адамдардың да қолдауы және психологиялық көмегі қажет деп отыр.