Қазан айының тоғызыншы жұлдызы — Дүниежүзілік пошта күні. Осыған орай әлемнің 189 мемлекетінде халықаралық хат апталығы өткізіледі. Біздің облыста да бұл даталы күн өз дәрежесінде атап өтілді. «Қазпоштаның» Шымкенттегі филиалы басылымдар үшін арнайы жазылу күнін ұйымдастырды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PGZ3pGbNOLs[/youtube]
Тәңсәріден бастап орталық «Қазпошта» ғимаратының алдына жиналғандардың қарасы көп болды. Келушілердің басым көпшілігі егде жастағы жандар. Барлығы да сүйікті газеттері — «Оңтүстік Рабат», «Рабатқа» жазылу үшін арнайы келгендерін жасырмады.
«Оңтүстік Рабат» газетіне алғашқы болып жазылғандардың қатарында тұрақты оқырманымыз Қабыл Дүйсенбі де болды.
Газет ұжымы болса сүйікті басылымдарына жазылған әрбір оқырманын сыйлықсыз қалдырмады. Барлығына дерлік арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Оқырмандардың кейбірі редакция ұжымына алғыстарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді.