Мақтаның бағасы бекітілді

1514

Мақтаның бағасы белгілі болды. Ала жаздай мақта өсіріп, жиын-терім басталғанда бағасы дауға айналған ақ алтынның келісі 80 теңгеден саудаланатын болды. Бұған дейін мақтааралдық диқандарды мазалап келген мәселенің соңғы нүктесін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қойып, жария етті.

мақта

Айта өтейік, осы уақытқа дейін 239 мың тонна мақта жиналған. Бұл – белгіленген меженің 70 пайызы ғана. Жаз бен күздің жауын-шашынды болуы салдарынан мақта терімі тежеліп қалған.

Ал былтыр осы уақытта ақ алтынның 80 пайызы жиналып, қамбаға салынған болатын. Биыл жоспар бойынша 313 мың тонна мақта жиналуы қажет.

Қанатбек Оспанбеков, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Ливерпульдегі мақта бағасына орай біздің де баға шығарылды. Бұған дейін диқандарға 75 теңгеден аванс берілген. Кейін баға бекітілген соң 5 теңгелері қайта берілді. Бүгінгі таңда 80 теңгеден қабылданып жатыр».