Қазығұртта 70 мың тоннаға жуық астық жиналды

334

Биыл Қазығұрт ауданында 40600 га егілген астықтан 69800 тонна өнім жиналды. Бұл туралы аудан әкімі Болатбек Қыстауов облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Аудан, негізінен, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде астық және мал өнімдерін өндірумен айналысады.

007

Агроөнеркәсіптік кешенін 2011-2015 жылдарға дамытуға арналған іс шарасы қолға алыныып, 14468,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде жоспарланған 85300 га егістік жер толығымен игерілді. Егілген 40600 га астық орылып, 69800 тонна астық бастырылып отыр. Осылайша орташа көрсеткіш әр гектарға 17,2 центнерден түседі.

Астық оруға 207 комбайн қатыстырылып, ысырапсыз жиналып алынды дейді аудан басшысы. Сонымен қатар о баста 9 гектарға жылыжай салу тапсырмасы қолға алынып, нәтижесінде 9,64 гектарға жылыжай салынған. Яғни жоспар 107,1 пайызға орындалып, жалпы аумағы 73,2 га жеткізілді. Есепті кезеңде аудан әкімі тамшылатып суару әдісі 357,6 га енгізіліп, жалпы аумағы 1543 га жеткенін, жыл соңына дейін тағы 159 гектарға ендірілетінін айтты.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі