«Алтын күз – 2014» мерекелік іс-шарасында үздіктер анықталды (фото)

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Алтын күз – 2014» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Оған өңір басшылары, аудан әкімдері, шаруа қожалығының төрағалары, ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары асыға жеткен. Оларды «Тұмар» фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйімен қарсы алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=h61UQUDXhZA[/youtube]

алтын күз

Алдымен облыс басшысы Асқар Мырзахметов көрмеде ұсынылған өнімдерді аралап көрді.

_MG_2765

Биылғы егіс науқаны диханшылар үшін жемісті болды. Жыл басынан бері аймақта 288 млрд. теңгенің өнімі жиналған.

_MG_2745

Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 12 миллиард теңгеге артық.

_MG_2739

Мерекелік шарада осы салада еңбек сіңірген азаматтарға ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері тапсырылды.

_MG_2788

Ал жыл қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген аудан, қала әкімдері мен еңбек озаттары алтын, күміс, қола медаль мен облыс әкімінің сертификатына ие болды.

алтын күз

Сонымен, биыл астық өндіруден Қазығұрт ауданы үздік шықты. Бұл өңірдің шаруалары 69 800 тонна өнім алған. Мақсарыдан – Бәйдібек, мақта мен көкөністен – Мақтаарал, еттен – Арыс, сүттен және жеміс-жидектен Сайрам ауданы көш бастады.

_MG_2813

Ал «Сыбаға» бағдарламасын орындаудан – Шардара, тамшылатып суару әдісі бойынша – Түркістан, инвестициялық жобаларды іске асырудан Ордабасы аудандары үздік деп танылды.

_MG_2853

Мол өнім алған шаруа қожалығының төрағаларының да еңбектері еленді. Шардара ауданынан келген Жолдыбай Көшербаев «Озат терімші» атанды. Ол күніне 180 кг, барлығы 8 800 кг мақтаны қолмен терген.

_MG_2872

Сондай-ақ, осы салада қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмай, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Арасында «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова да бар.

_MG_2884

Іс-шарада бас қосқандар облыс басшылығы тарапынан берілген сый-сияпатқа алғыс білдіріп, келер жылы биылғыдан да мол өнім жинауға атсалысатындарын жеткізді.

_MG_2895