Автобустарға қатысты рейд өтті

246
автобус жеңіл көлікпен соғысты

Таяуда ғана бір-бірімен жарысқан қоғамдық көліктердің кесірінен жас қыздың өмірі қыршыннан қиылып, бірі аурухана төсегіне таңылған еді. Қоғамның жағасын ұстатқан осы оқиғадан кейін көпшілік автобустарда айтарлықтай тәртіп орнайды деп үміттенген. Алайда олай емес екеніне арнайы рейдке шыққандар куә болды. Қоғамдық көліктер, әсіресе, кешкі мезгілде тиісті ережелерді сақтай бермейді екен.

автобус жеңіл көлікпен соғысты

Рейд бастала салысымен-ақ Ленгір тасжолы бойында қоғамдық көліктің қатысумен жол апаты орын алғаны туралы ақпар тіркелді. Мұнда жолаушы жолды кесіп өтпек болып, автобустың астынан бір ақ шыққан. Бақытына орай тек жеңіл жарақат алды. Араға 20 минут салып біздің түсірілім тобы тағы бір жол-көлік оқиғасына куә болды. Ордабасы алаңында 27 бағыттағы автобус жеңіл көлікпен соқтысып, салдарынан жолаушылар зардап шекті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=67mnv5yNuH4[/youtube]

Жауаптылар орын алған екі бірдей оқиға бойынша жан-жақты тексерулер жүргізілетініне уәде берді. Кінәлілер жауапқа тартылады. Бұл рейдте ұйымдастырушылар жүргізушілердің құжаттарын, кондукторлардың арнайы киім үлгілерін тексеруге алды. Онымен қоса бағыттағы көліктердің санына да мән берді. Сала мамандары ереже бұзылғандарға көрілер шара да қатаң болатынын ескертті.
Бір сағаттың көлемінде бірлескен топ оншақты автобусты тексеріп үлгерді. Алайда, жол ережесін бұза жүйткитіндер бұл жолы құрыққа ілінбеді.