Úı Jańalyqtar «Риксос» қонақ үйіндегі «өрт» сөндірілді

«Риксос» қонақ үйіндегі «өрт» сөндірілді

"Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйі өртке қарсы толық жабдықталған жалғыз ғимарат

Төтенше жағдайлар департаменті «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Бұл қонақ үй заманауи дабыл қаққыш және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған алғашқы ғимарат. Оқу-жаттығу барысында өрт сөндірушілер қонақ үйдің қызметшілерімен бірлесіп, арнайы іс-қимыл әрекет пен барлық өртке қарсы жүйелерін тексерді. Бұл шараға өрт сөндіру бригадаларымен қатар жедел жәрдем дәрігерлері және құтқарушылар қатысты. Барлығы 14 бірлік техника қолданылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JCjzqzaVOoI[/youtube]

"Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйі өртке қарсы толық жабдықталған жалғыз ғимарат