Оңтүстікте алғаш рет трактор шығарылады

835
трактор
"Киоти" тракторы деген осы

Алдағы уақытта Оңтүстікте алғашқы рет трактор шығарылады. Алып зауыттың құрылысы қазан айында басталған. Мұнда шаруалардың көп сұранысана ие болған «Киоти» маркалы трактор құрастырылады.

трактор
«Киоти» тракторы деген осы

Жаңа зауыт Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында бой көтеруде. Құрылыс алаңында қазір жүзге жуық жұмысшы мен оннан аса техника жұмылдырылған. Зауыттың жалпы көлемі 70 гектар жерді қамтиды.

Құрылыс алаңы
Құрылыс алаңы

Бұл бастамаға Оңтүстік Кореяның «Дайдонг» компаниясы қызығушылық білдіріп отыр. Шетелдіктер Шымкент қаласында 7-қараша күні өткен «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты халықаралық форумда «Жилстрой Индустрия» мекемесімен меморандум түзді. Зауыттың жұмысын бастамас бұрын компания басшылары «ҚазАгроМаркетинг» компаниясының мамандарымен бірге ауыл шаруашылығында қолданатын техникаға сараптама жүргізген.

механизатор
Механизатор Алтынбек Айхынбаев

Нәтижесінде дихандардың сұранысына жаңадан зауыт дайындап шығаратын «Киоти» тракторы ие болғаны анықталды. Бұл тракторды жақсы игеру үшін Оңтүстік Кореядан 2 данасы әкелінді. Тіпті қазіргі таңда егін жұмыстарында қолданылып жүр. Жергілікті механизатор Алтынбек Айхынбаевтың айтуынша, «Киоти» тракторы шаруалардың қолдануы үшін өте ыңғайлы.

Алтынбек Айхынбаев: «Қазір біз бұл тракторды егіншілікке қолданып жатырмыз. Біз үшін жақсы болды. Трактордың ішінде барлық құрылғы бар. Жартылай автоматты. Компьютерлік бюросы бар, желдеткіші де бар. Әсіресе мақта, басқа да егіндерді теруде қолдануға ыңғайлы.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fol34L80dg4[/youtube]

Болашақта тракторды сапалы дәрежеде жасау үшін «Жилстрой Индустрия» компаниясы Оңтүстік Кореядағы трактор зауыттарына 6 маманды арнайы жіберген. Өндіріске қажетті шикізат та сол елден жеткізіледі. Ал соңында тракторлар Қазақстан нарығында қолжетімді бағамен сатылады дейді компания басшылығы.

Бахтияр Маматов, «Жилстрой Индустрия» компаниясының вице-президенті: «Біз, ең бастысы, шаруаларды ойлай келе бұл техниканы өзге тракторлардан 20-30 пайызға арзан сататаын болдық. 70 күштің аты бар бұл тракторлардың орташа бағасы 28 мың АҚШ долларына бағаланады. Қазір «ҚазАгроМаркетинг» мекемесімен бірлесіп, лизинг жағын қарастырудамыз.»

компания басшысы
Компания басшысы – Бахтияр Маматов

Жаңа зауыт 2015 жылдың мамыр айында іске қосылады деп күтілуде. Алғашында мұнда 500-ге жуық трактор шығарылса, кейін арнайы техника санын 1500-ге жеткізуді зауыт басышылығы жоспалап отыр.

Суреттерді түсірген – Жәнібек Нұрыш.