Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа ғимаратқа көшті

2102
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимараты

Оңтүстіктегі тарихи-құнды жәдігерлер жаңа ғимараттың төрінен орын алды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жаңа нысанға көшіп жатыр. Әлі ашыла қоймаған мәдени орынның бүгінгі жағдайымен арнайы танысып қайттық.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимараты
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимараты
Кенесары Қасымұлының қылышы
Кенесары ханның қылышы

Батыр Кенесары Қасымұлының қылышы жаңа мұражайдың төрінен орын алды. Оны Кенесарының немересі әкеліп тапсырғалы бері құнды жәдігер қор сақтау бөлімінің қоймасында сақталып келді. Енді көптің назарына ұсынылмақ. Бұл «Қазақ хандығы және жаңа заман тарихы» атты жаңа бөлімнің жалғыз жәдігері емес.

Мұражайда күш атасы Қажымұқанның киіз үйі бар
Мұражайда күш атасы Қажымұқанның киіз үйі бар

IMG_3876

IMG_3879

IMG_3878

Гүлмира Лазар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері: «Мұнда бізде ХV ғасыр мен XIX ғасыр, яғни, қоқан шапқыншылығына дейінгі кезеңді қамтитын жәдігерлер көрсетілген. Олар – қыш құмыралар, көне араб тілінде жазылған кітаптар және билердің, хандардың құжаттары.»

Батыр мен хандардың сауыт-киімдері де осында
Батыр мен хандардың сауыт-киімдері де осында

Бұл тарихи жәдігерлер бүгінге дейін мұражайдың бұрынғы ғимаратының қорынан табылды. 94 жылдық тарихы бар мұражай дүниелері мұнда аз уақыт аялдаған жоқ. Тарихи-өлкетану мұражайына тиесілі жәдігерлер 37 жыл бойы осы ғимаратта жайғасты. Енді олар жаңа нысанға көшіріліп жатыр. Мұражай қызметкерлерінің сөзіне сенсек, әзірге мұнда 69000-нан астам жәдігердің бір бөлігі ғана қалды.

Мұражайда бас-аяғы 69-мыңға жуық жәдігер сақталған
Мұражайда бас-аяғы 69 000-нан астам жәдігер сақталған

IMG_3886

Ал жаңа нысанда толығу-жайғастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мұражайда тағы табиғат, археология және палеонтология, этнография, тәуелсіз қазақстан атты тағы 4 бөлім бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dA72QUPzIyE[/youtube]

Гүлнәр Саматқызы: «Ескі ғимараттағы қорда тұрған, жарыққа шықпаған көптеген экспонаттарымызды шығаруға қазір мүмкіншілік туып отыр. Үлкен керамикалық ыдыстар мен заттар көрермендерімізге ұсынылмай келді. Қазір мұның барлығын да арнайы әйнекпен қойып жатырмыз.»

Мұражайда 5 зал бар
Мұражайда 5 зал бар
Қазақтың төл тұрмысынан сыр шертер дүниелер
Қазақтың төл тұрмысынан сыр шертер дүниелер

Қазіргі кезде екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталған. Ұжым Елбасының іс-сапармен келуін күтіп отыр. Айтуларынша Президент мекемені ашып, нысанның кілтін табыстайды.