25-желтоқсан — Кеңес әскерінің Ауған жеріне енгізілген күні. Осыған орай ауған және жергілікті соғыс ардагерлері бірлесе «Ерліктері ұмытылмас рота» атты акция өткізді.
Ауғанстан жерінде болған ұрысқа Оңтүстіктен екі мыңнан аса жауынгер аттанған болатын. Алпыс жеті азамат сұм соғыста қаза тапса, төртеуі іс-түссіз жоғалып кеткен. Бүгінгі шара барысында ардагерлер мен жиналғандар ерлікпен қаза болған жауынгерлерді еске алды. Қаһармандарға арнап арнайы гүл шоқтары қойылды. Өкінішке орай, жыл сайын ауған ардагерлерінің қатары сиреп барады.