«Еламед» кезекті сатылым-көрмесін жариялады

437

«Еламед» медицина құрылғыларын шығару зауыты өз тауарын зауыт бағасымен сатып жатыр. Мың түрлі дертке дауа құралды әдеттегідей қаладағы «Зерде» дәріханасында алуға болады. Құрылғылар жүйке жүйесінің ауруларын, асқазан-ішек жолдарын, жүрек аурулары секілді дерттің алдын алады.

«Еламед» медицина құрылғылары арқылы емханаларға жүгіріп, физиотерапияның ұзын-сонар кезегінде тұрмайсыз. Үй жағдайында қолдана аласыз. Сапалы емнің боларына өндірушілер кепілдік береді. Құрылғыларды дәрігердің рұқсатынсыз-ақ алуыңызға болады. «Алмаг -01», «Диамаг», «Стимел» және көптеген дертке дауа құрылғыларды зауыт бағасында алам десеңіз, «Зерде» дәріханасында ұйымдастырылып отырған сатылым-көрмесіне келіңіз.

Қарлығаш Жұманова, кеңесші маман: «Бұл стимел электр тоғымен жүректің қан тамырларын үлкейтіп, бұлшық еттеріндегі ауруды басуға болады. Бұл тыныс алу жолдарына тиімді. Және спортшыларға бұлшық еттерін өсіруге көмектеседі.»

Ал «Унилор-01» құрылғысы арқылы лор ауруларын үй жағдайында емдеуге болады. Жаңадан шыққан құрылғы зауыттың мақтанышы дейді мамандар. Инфрақызыл түспен құлақ-мұрын ауруларын емдеп қана қоймай, денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі.

15-желтоқсаннан басталған жеңілдік аптасының алғашқы тұтынушылары бірден табылды. Әр мезгіл ауысқан сайын тыныс алуы қиындап, аллергиясы асқынған Пернебай Айнақұлов «Еламедтің» құрылғыларынан шипа іздей келіпті. Бағасының тиімділігі әрі пайдасының молдығын бірден сезініп, сатып алуға бекінді.

Тек қана төрт күнге жалғасатын сатылым-көрме Байтұрсынов көшесі «Зерде» дәріханасында ұйымдастырылған. Құралдарды, сондай-ақ, Қалдаяқов көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан «Медтехника» дүкенінен де таба аласыз.