«Нұрсәттегі» үйлер жылусыз қалды

236

Қыстың көзі қырауда тұрғындар жылусыз қалды. Өткен аптаның соңында жарықтың 7 минутқа сөнуі салдарынан «Нұрсәттегі» көпқабатты 4 үйдің жертөлесіндегі жылу жүйесі жарылып қалды.

001

Солардың бірі – № 81 үйдің тұрғындары қақаған аязда жылусыз қалды. Бүгін «Стройкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары жертөледегі суды сорғымен тартып, жылудың қосылуына жағдай жасады. Сондай-ақ, сол көпқабатты үйдегі бір пәтердің жылу құбыры қайта қосуға байланысты жарылды. Бұл жұмыстар бүгін ретке келтірілуі тиіс. Өйткені алдағы күндері аяз күшті болады.

[youtube]http://youtu.be/BEJTOevtvQY[/youtube]